Мектеп тарихы

Мектеп ашылған жыл: «Комсомол» орталау мектебі 1967 жылы орта мектепке айналды. Алғашқы директор Телікбаев Иса  мектепті 1962-1964 жылдар аралығында басқарды. Айдар Тасбалтаев  1964-1967 жылдар аралығында мектептің директорлық қызметін атқарды.1967-1973 жылдар аралығында Иосиф Шнейдер мектептке басшылық жасады. Мектеп орыс-қазақ аралас мектебі болды.

1973-1982 жылдар аралығында мектеп директоры болып Сахов Ұшан  Сақұлы қызмет жасады.

1982-1992 жылдар аралығында Оразов Ақжарбай Оразович  директорлық қызметті атқарды.

1992-2006 жылдар аралығында мектептің директорлық қызметін Бижанова Ардақ   Пердебайқызы атқарды.

2006-2012 жылдар аралығында Абдиллаев  Бауыржан  Муталіұлы  қызмет жасады.

2012-2014 жылдар арасында мектептің  директорлық қызметін Жамалов Мұрат Сарыбайұлы атқарды.

2014 жылдан бастап мектебімізді   Турдалиева Бағила Ашірбекқызы директорлық қызметін атқарып келеді.

2019-2020  оқу жылы барысында  мектебімізге ұлы ақын жазушы  Сәкен Сейфуллинің  аты беріліп, қазыргі танда “Cәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп аталынады.

   Казіргі таңдағы   кадрлардың сапалық және сандық құрамы:   Мектепте  2020-2021 оқу жылында-1001 оқушы 

Сынып комплектісі: 46 сын. оның ішінде д\т 3

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына» сәйкес білім беру ұйымының штаттық кестесі бойынша

1 штат бірлік мектеп директоры, 3 штат бірлік директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2 штат бірлік директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1 штат бірлік директордың шаруашылық істері жөніндегі орынбасары, 1 штат директордың бейіндік оқыту бойынша орынбасары, 2 штат бірлік педагог-психолог, 2 штат бірлік әлеуметтік педагог, 2 штат бірлік қосымша білім беру педагогы, 2 штат ұйымдастырушы педагог, 1 штат бірлік тәлімгер, 1 штат бірлік АӘД жетекшісі, 1 штат бірлік кітапханашы, 1 штат бірлік іс жүргізуші, 1,5 штат бірлік медбике лауазымдары белгіленген. Барлық штаттық бірліктер сынып жиынтықтарының санына қарай толықтырылған. Барлық мұғалімдер өз мамандығы бойынша жұмыс атқаруда.

Педагогикалық кадрлар саны: 146

Техникалық қызметкелері: 54

 Мектебімізде  16 атаулы кабинет бар .Олар :

12-ші  Орманова Зульфия атындағы бастауыш сыныпқа арналған 

          оқу кабинеті.

109-шы Орманова Жақсыгүл атындағы орыс тілі және әдебиет

          кабинеті.

113-ші Қасымқұлұлы Сапарбай атындағы спорт залы.

202-ші Өскенбаева Закира атындығы физика кабинеті

207-ші Исахов Төлеміс атындағы химия кабинеті.

208-ші Бүрлібаев Жолдас Бүрлібайұлы атындағы биология 

          кабинеті.

209-шы Оразов Ақжарбай  атындағы қазақ әдебиеті кабинеті.

210-шы Оспанова Баян атындағы география кабинеті.

211-ші Балтаев Тілеу атындағы қазақ тілі кабинеті

212-ші Сахов Ұшан Сақұлы атындағы  шет тілі кабинеті.

302-ші Тасбалтаев Айдар атындағы информатика кабинеті.

308-ші Асанова Дариға Несіпбайқызы атындағы орыс тілі және 

          әдебиеті кабинеті.

311-ші Туранов Мырзабай атындағы физика кабинеті.

312-ші Атамбаев Түгелбай  атындағы математика пән кабинеті

304-ші  Нусенов Муслім атындағы  Алғашқы әскери дайындық

          кабинеті

08-ші Сақбаева  Салтанат  атындағы өзін-өзі тану кабинеті