Құрметті ата-аналар, ұстаздар және қонақтар!
Баршаңызға бүгінгі «Түлек 2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты «Соңғы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құтықтаймын!
Бұл мерекені оқушы, мұғалім және ата-аналардың 11 жыл бойғы білім жолындағы атқарған еңбектерінің ортақ жемісі деп білеміз.
Бүгін сіздер орта мектепті тәмәмдап, арман жетегінде сан тарапқа тарап, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыңдар.
Біз сіздерді бүгінгі жастардың бойында болу керек құндылықтарға тәрбиелей отырып, отаншыл, қазақстандық патриоттық сезімі қалыптасқан, білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани –адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, үш тілді еркін меңгерген, бүгінгі жылдам өзгертіп жатқан заманда инновациялық өзгерістерге дайын тұлға болуға дайындадық.
Құрметті ұстаздар!
Бүгінгі мерекеде Түлектерге сапалы білім беріп, өмірлік ұстанымдары мен адамгершілік негіздерін қалыптастыруда адал да, жемісті еңбектері үшін мектеп ұстаздарына ерекше алғысымды айтамын.
Құрметті ата-аналар!
Бүгін сіздер ерекше толқып, шаттыққа бөленіп тұрсыздар. Бала сіздердің болашаққа деген үкілі үміттеріңіз. Сіздерді бүгінгі тамаша қуаныштарыңызбен құтықтаймын.
Сіздер күрделі кезең алдында тұрсыздар. Балаларыңыз университет пен мамандық таңдау секілді маңызды қадам жасау алдында тұр. Сондықтан балаларыңызға дұрыс қолдау көрсетіп, болашақта қажет болатын мамандықты тізгіндеулеріңізге тілектеспіз.
Құрметті түлектер!
Сіздер өмір бойы өсірген, оқытып, тәрбиелеген ұстаздарыңыздың, ата-аналарыңыздың сіңірген ұшан теңіз еңбектерін жүректеріңізде ерекше құрметпен сақтап өтеді деп сенеміз. Алда тұрған мемлекеттік ҰБТ сынағынан сәтті өтулеріңізге тілектеспіз.
Қадам басып отырған жаңа өмір жолында Сіздерге бәсекеге қабілетті білім, креативті көзқарас, шығармашыл ой-өріс өмірлік серіктеріңіз болсын.
Алған білімдеріңіз бен барлық күш-жігерлеріңізді Тәуелсіз еліміздің игілігін арттыруда, одан әрі нығайтуға жұмсайды деп сенеміз.
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Құрметті әріптестер, С. Сейфуллин мектебінің ұжымы!!!
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт — береке әкелсін!
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молаятын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңейетін кезеңі – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт — береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Ізгі ниетпен мектеп директоры Бағила Әшірбекқызы!
Құрметті !С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы,әріптестерім!
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы — Тәуелсіздік күнінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке — Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!
Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.
Дәулетіміз шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсін!Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілеймін.Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті халқымызға бақ қонып,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Ізгі тілек білдіруші мектеп директоры
Турдалиева Бағила Әшірбекқызы
Құрметті С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы!
Сіздерді 1 желтоқсан – Елбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – барлық Қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы.
Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Бұл — ғасырлар тоғысында ата — бабалар аңсаған аңсарлы әлем Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны шындық.
Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке — бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы — жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын! Баршаларыңызға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тілеймін.
Мектеп директоры Б. Тұрдалиева
Құрметті әріптестер!
Егемендіктің, елдіктің белгісі Рәміздір мерекесі құтты болсын. Елтаңбамыз еңселі, Көк Туымыз мәңгілік желбіреп, Ән ұранымыз бейбіт аспан астында шырқала берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Жаңа Қазақстанның болашағы жарқын болсын!
Мектеп директоры Б. Тұрдалиева