ҰБТ бойынша

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 2020-2021 оқу жылында  11-сыныптардың ҰБТ бойынша жұмыстарының мәліметі

ҰБТ бойынша іс-шаралар жоспары түзіліп,  бітіруші 11-сынып оқушыларымен  мектеп бітіру кезеңдерінде атқарылатын оқу бағдарламасын игеру міндетіне бағыт-бағдар беріліп отырылды.

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда қосымша білім беру жұмыстары жүргізіліп, сынама тест қорытындысы бойынша пән мұғалімдерімен бірлесе отырып талқылау жұмыстары жүргізіліп отырылды

Мектепте оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және кәмілетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу мақсатында 04.11-15.11 аралығында «Қазақстан балалары-күзгі интерактивті» іс-шарасы өткізілді.

Жауапты мамандар жоғарыдағы іс-шараны өз уақытында өткізді.

Республикалық «Асар» челленджі бойынша балалар мұқтаж отбасыларға, туыстарымен, достарына көмек көрсетті. Бұл іс-шараға барлық сыныптар қатысты.

Кәсіптік бағдар беру үшін Қазақстан университтеріне виртуалды саяхат жасалып 10-11 сынып оқушылары өздері таңдаған мамандықтары туралы керекті мәліметтер алды.

2020-2021 оқу жылында 77 оқушы мектеп бітірді. Оның 61 ҰБТ тапсырды.

Орташа балы:   56,8

Алтын белгімен алты оқушы бітіріп шықты.

 

Оқушының аты жөні Жалпы балы  
1 Әнжір Темірхан Мусаханұлы 90
2. Сейткарім Шұғыла Мустафақызы 86
3. Рустемова Наргиза Муратқызы 118
4. Абдужалилова Ақерке Қалдыбайқызы 104
5. Муратбек Ұлжалғас Асанбекқызы 74
6. Пірназарова Ширин Турсынбайқызы 65
Жалпы орташа балы 89,5

16 оқушы грантқа оқуға түсті, 33 оқушы жоғары оқу орындарының ақылы бөлімдеріне түсті.

 

С.Сейфуллин жалпы орта білім беретін мектебінде  ҰБТ бойынша

оқушыларының штаттық білімінің деңгейін бақылау бойынша мәлімет

        Тәуелсіз еліміздің болашағы-білімді урпақ десек, Президент жыл сайын Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында білім беру мәселесіне ерекше басымдықтар беріп, «Сапалы білім беру-Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының негізі» екендігін атап көрсетеді.

Сапа-оқушының тынымсыз еңбегінің, ал оқытушының шығармашылығымен ізденісі, жүйелі жұмысының нәтижесі екені сөзсіз. Осы сапа көрсеткіші ҰБТ қорытындысымен бағаланады.

Жыл сайын мектеп түлектері ҰБТ-ге қатысады. Әр тестілеу сайын мыңдаған ата-ана мен ұстаз бұл айрықша емтиханның нәтижесін қалай болар екен деп қобалжиды. ҰБТ мектептің, мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың оқу кезеңінде атқарған күллі қызметіне баға беретін өзіндік бір ерекше шара болып табылады. Бұл баға мектеп үшінде, ата-ана үшінде, оқушылар үшінде оңды болу үшін белгілі бір дәрежеде күш-қуат жұмсау қажет болады.

Қандай да бір жұмыстың нәтижелі болуы-ең алдымен дұрыс жоспарлаудан басталатыны белгілі. Сондықтан ҰБТ-ге сапалы дайындықты қамтамасыз ету үшін, ең алдымен жоспардың жобасы жасалады. Әдістемелік бірлестік жетекшілері, сынып жетекшілері, негізгі және таңдау пән мұғалімдері өз пікірлерін білдіріп, жеке ұсыныстарын қосады.

Заманымыздың ойшылы Ғумар Қараштың «Мұғалім болған адамның шәкірттері риза боларлықтай мінезі, қанағаттандырарлықтай білімі болуы керек. Ондай білімі жоқ ұстаздардан шәкірт тәлім көре алмайды. Шәкірт жан-тәнімен сүйген мұғалімінен ғана тиянақты білім алады» деген сөзі қазіргі таңда да өзектілігін жойған жоқ.

Мектеп түлектері жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын маңызды міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау, қиын сұрақтарға тосылмай жауап беріп, кейін қиын сурақтарға көшу керек.

Ең бастысы оқушыларды ҰБТ-ға тест арқылы емес, оқу бағдарламасындағы тақырыптарды толық меңгерте отырып, өз білімдерін нақты уақыт шеңберінде көрсетуге үйрету.

2021-2022 оқу жылында 11-сыныптарда  56 оқушы білім алуда.

ҰБТ бойынша іс-шаралар жоспары түзілді. Бітіруші 11-сынып оқушыларымен алда тұрған мектеп бітіру кезеңдерінде атқарылатын оқу бағдарламасын игеру міндетіне бағыт-бағдар берілді.

11-сынып оқушыларын ҰБТ-ге дайындау мақсатында қосымша сабақтар қойылып, оқушыларға толық жағдай жасалды. Сабақ кестесі бойынша сабақтар пән мұғалімдері тарапынан жүйелі жүргізілуде.  Әр айдың соңында әкімшілік тарапынан сынама тест алынып, нәтижесі әдістемелік бірлестік кеңестерінде талқыланды. Пән мұғалімдерімен жиналыс өткізіліп, кемшіліктер бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сынама тест қорытындысы  22.10.2021

Сыныбы Барлық оқушы саны Сынама тест тапсырғаны Сынама тест тапсырмағаны
1 11 А 28 24 4
2 11 Ә 28 25 3
  Барлығы 56 49 7

Қазақстан тарихы- 5,7

Оқу сауаттылығы- 12,7

Математика сауаттылығы- 5,5

Жалпы орта балы – 41,1

Таңдау пәндер бойынша :

Таңдау пәні Оқушы саны Орташа балы
1. Математика 20 оқушы 9,2
2. Биология 15 оқушы 12
3. Ағылшын тілі 8 оқушы 13
4. Дүние жүзі тарихы 8 оқушы 9
5. Химия 11 оқушы 9,2
6. География 10 оқушы 11,2
7. Құқық 4 оқушы 7,8
8. Физика 13 оқушы 10,1

   Шектік балға жетпеген оқушылар саны – 36

 Аталған пәндер бойынша әр бір пән мұғаліміне алған тест қорытындысы жөнінде мәлімет пен үлгермей жатқан оқушыларға қосымша сабақ өткізу жұмыстары тапсырылды.