Жандарова Шарипа Ештаевна
кітапхана меңгерушісі
Түйіндеме
1.Тегі, аты, әкесінің аты: ЖандароваШарипа Ештаевна
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны:Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі-кітапхана меңгерушісі (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің дәл атауы көрсетіледі)
3. Жынысы:әйел
4. Туған жылы мен туған күні: 18.12.1963ж.
5. Ұлты:қазақ
6. Білімі: жоғары, МухтарӘуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан МемлекеттікУниверситет
7.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:жоқ
8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградалары бар:
9.Әлеуметтік педагогика лауазымы бойынша
10.Мекен-жайы: Түркістан облысы Қазығұрт ауылы,Қызылқия елді мекені,
Б. Аширбаев көшесі №83 үй
Байланыс телефоны: 87056953218
11.Жалпы жұмыс өтілі:41 жыл
12. Саладағы жұмыс өтілі:29 жыл
13. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі:29 жыл
Жетістіктері
Султанбекова Зейнеп Аргимбаевна
кітапханашы
С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп 2021-2022 оқу жылында мектеп кітапханасында мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы тапсырылды. Оған қоса биыл «Балалар әдебиеті жылы», осыған орай «Каникулда кітап оқимыз» марафоны жарияланды. Марафонның іс-шара жоспары.
қ\с | Тақырыбы | Атқарылатын жұмыстар | Мерзімі | Сыныптар
Жауаптылар |
1 | «Оқуға құштар мектеп»жобасы | Кітап көрмесі | 1.11.2021 | 2-9 сыныптар
Ш.Жандарова З.Сұлтанбекова |
2 | Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап оқиық | Балаларды кітап оқуға тарту | 2.11.2021 | 3-8 сыныптар
Ш.Жандарова З.Сұлтанбекова |
3 | Кітапта демалыс болмайды | Ойын ойнау,оқыған кітаптарынан сұрақ жауап | 4-8. 11.2021 | 2-9 сыныптар
Ш.Жандарова З.Сұлтанбекова |
4 | Мен оқыған қызықты кітап. Оқыған кітаптарын кай бетке келгенін сұрау | Өзінің оқыған кітабын жарнамалау | 9-10. 11.2021 | 2-9 сыныптар
Ш.Жандарова З.Сұлтанбекова |
5 | Ақын жазушылардың шығармаларын насихаттау. «Білім шырағын жаққан ғұлама» Ы.Алтынсаринге 180 ж. | Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен таныстыру | 11-12.
2021 |
5-10 сыныптар
Ш.Жандарова З.Сұлтанбекова |
6 | «Жыр патшалығының алыбы Ж.Жабаев» Ж.Жабаевқа 175 ж
|
Ж.Жабаевтың өлеңдерін орындау | 15.11.2021 | 5-10 сыныптар
Ш.Жандарова З.Сұлтанбекова
|
Түзген кітапханашылыр:
Ш. Жандарова,
З.Сұлтанбекова
«С.Сейфуллин» атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 2021-2022 оқу жылында
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарылған түрлі іс-шаралар жайлы мәлімет
«С.Сейфуллин» атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 2021-2022 оқу жылында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында түрлі іс-шаралар атқарылуда. Біз, кітапханашылар оқушыларды кітап оқуға тарту, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімдерін ояту білімді болуға шақыру мақсатымыз.
20 қыркүйек күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Тілім менің мәртебем» тақырыбында көрме ашылды. Көрме оқушыларға таныстырылды. Кітапханашы Сұлтанбекова Зейнеп «Мәңгілік елдің- мәңгілік тілі» тақырыбында баяндама оқыды.
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тіліміз жайлы оқушыларға түсіндірілді. «Тіл мен өнер егіз» атты кеш ұйымдастырылды.
QR код арқылы кітап оқуға тарту. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында жақсы жағымды жаңалық мектеп дәлізіне QR код арқылы кітап оқитын электронды кітапхана атты стенд ілінді. Кітапхана меңгерушісі Ш.Жандарова, З.Сұлтанбекова әр үзілісте жиналған оқушыларға түсініктеме берілді. QR код арқылы өздерінің ұялы телефондарына қалаған кітаптарын жүктеп оқи алады.
1 қараша күні 1-11 сыныптар арасында «Каникулда кітап оқимыз» марафоны жарияланды. Мектебізден 71 оқушы қатысты. Ата-аналар балаларын осы сайытқа тіркеп берілген кітапты балалардың оқуына ықпал етіп берілген сұрақтарына жауап жіберіп отырды. Марафон бәріне ұнады , әр келген күні шарлар ішіне сұрақтар қойылған, қатысқан оқушылар күнде кітапханаға жиналып,оқыған кітаптырын айтып,бір –бірімен бөлісіп жатты. Сертификат,диплом, алғыс хаттар келіп жатты. 2 сынып оқушылары Ә.Тлеубергенова,3 сынып оқушылары Ерметова Ұлжан апайымыздың, 5 сынып оқушылары М.Ускенова, 8 сынып оқушылары Г.Каримова, Р.Дүйсенова апайларымыздың қатысқан оқушыларына алғыс айтамыз.Сертификат алған оқушылар 5 сынып оқушысы Туркменов Сүндет, Шәміл Динара, 3 сынып Ерметова Ұлжан апайымыздың сыныбынан Түркменов Даниял, Түзелбай Салима, Серікбай Бағдаулет, 11 с Тлеубай Малика және осы оқушылардың ұстаздары, ата-аналары да алғыс хаттар алып жатты. т.б
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Жыр патшалығының алыбы Жамбыл» тақырыбында Ұлы ақын жазушы Ж.Жабаевтың175 жылдық мерей тойына 10 дерек. Ақынның мерей тойы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тұспа тұс келді.
Бірінші дерек -Сөреге Жамбыл Жабаев кітаптары «Халық – менің шын атым» ,Жамбыл Жабаев шығармалары , Жамбыл Жабаев өлең- жырлар , толғаулар қойылған
Кітапханашы Сұлтанбекова Зейнеп екінші дерек -Жамбыл- өмірімен де шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жаткан ұлы жырау жайлы баяндама оқыды.
Үшінші дерек – Челендж. 11 сынып оқушысы, кітапхана белсендісі Тлеубай Малика Жамбыл Жабаевтың «Зілді бұйрық»өлеңінен челендж Қызылтаң жалпы орта білім беретін мектебіне жолдады.
Төртінші дерек — Ұлы ақын жазушы Жамбыл Жабаевқа арнау- 5 сынып оқушысы Умарова Аяна «Өсиет» өлеңін жырлады.
9 сынып оқушысы Нәлібай Аяулым Ж.Жабаевтың «Халықтың сәлемі» , 9 с Слан Ақбота Ж.Жабаевтың «Жастар алдындағы сөз» өлеңін жырлады
Бесінші дерек- 4 а,в сыныптар арасында Жамбыл оқулары, бейне таспалары бар.
Алтыншы дерек — Ұлы ақын жазушы Ж.Жабаевтың «Сүйінбаймен сұқбаты» нан 4,7,8,11 сынып оқушыларының көрінісі. Сүйінбайдан Жамбылдың бата алғаны жайлы көрініс ұйымдастырылды.7,8,9.10 деректер барлық сыныптың Жамбыл ата жайлы өлең жырларымен түйінделді.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына 30 кітап оқиық көрмесі ұйымдастырылды, кітапханаға тақырып ілінді.
«Оқуға құштар мектеп аясында» Ы.Алтынсаринге 180 жыл мерей тойына орай «Білім шырағын жаққан ғұлама» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Кітапхана меңгерушісі Ш.Жандарова «Білім шырағын жаққан ғұлама» атты тақырыбында баяндама оқыды. Өмірбаяны жайлы,еңбектері, қызметі жайлы айтылды. «Кел балалар оқылық» деп сауатын ашқан, Ыбырай жайлы айтылды. Кітапханашы З.Сұлтанбекова ZООМ платформасында 2021 жылы Ы.Алтынсарин тақырыбында түрлі іс- шаралар өтіп жатқаның атады, мектептерде дөнгелек үстелдер,әдеби кештер, челендждер өтіп жатты.
READх жобасы 22-29 қараша аралығында мұғалімдер арасында ұйымдастырылды. Бұл жобада мұғалімдер кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында, кітап оқуды насихаттау, оқыған кітаптарын тақырыбын айтпай мазмұнын айту, көпшілік алдынды сөйлеу мәнерін қалыптастыруға арналған іс-шара. Математика пәні мұғалімі Қожанбердиева Гүлбану Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» және «Ай мен Айша» повестінің мазмұнын кітапханаға жиналған оқырмандарға айтып берді. Бейне жазбасы бар
Ағылшын пәні мұғалімі Каримова Гузаль Тәуелсіздігіміздін 30 жылдық мерей тойына байланысты Лев Толстойдың Балалық шағы жайлы оқыған кітабын мұғалімдерге мазмұнын айтып берді. Бейне жазбасы бар
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына -30 кітап » тақырыбына байланысты 30 кітап оқуға баршаңызды шақырамын деген мақсатта Ы.Алтынсаринның «Әке мен бала» әңгімесін Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Дүйсенова Жаңылай жиналған мұғалімдермен бөлісті. Бейне жазбасы бар .
Одан технология пән мұғалімі Жамалова Ажар Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» кітабын оқып бітіріп мазмұнын жиналған мұғалімдерге айтып берді. Бейне жазбасы бар .
READх жобасы жалғасуда. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бекназарова Баян Сапарғали Бегалиннің «Шоқан асулары» кітабын оқып жатыр.
READх жобасы мұғалімдерге ұнап жатыр. Кітап оқитын саны көбеюде.
4 ақпан 2022 жылы «Мейірім төгетін ана» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.Оқушылармен көрме таныстырылды. Сара ананың өмірі,қызметі жайлы айтылды.81 жасқа толуына байланысты және өзін-өзі тану оқулығы бар екендігі жайлы айтылды.
14 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғаныстанан шығарылуына 32 жыл болғаны жайлы көрме ұйымдастырылды. Ауған ардагері ағамыз Т.Жандаров жайлы түрлі деректер көрмеге қойылды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында осылай балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар атқарылуда.
Кітапханашылар: Ш.Жандарова
З.Сұлтанбекова
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2022-2023 оқу жылындағы атқарылған іс-шаралар