Пайдалы ақпараттар

Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарларындағы вариативтік компонент есебінен таңдалатын инварианттық компоненттің пәндері туралы
Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарларындағы вариативтік компонент есебінен таңдалатын инварианттық компоненттің пәндерін анықтау төмендегідей:
1) жалпы білім беретін мектептердің 7-9 сыныптары үшін бұйрыққа қосымша берілген комбинацияға сәйкес таңдалады;
2) жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарына, лицей/гимназиялардың 7-11 сыныптарына пәндерді таңдауды білім беру ұйымы дербес шешеді.

 


10-сыныптар қандай Үлгілік оқу жоспарымен оқиды?
▪️2021-2022 оқу жылында 26.03.2021 ж. №125 және 20.08.21 ж. №415 бұйрықтарымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарлары қатарынан қолданылады.
10-сыныптарды оқытуда жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспарын немесе оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарын таңдауға болады. Үлгілік оқу жоспарын білім беру ұйымдарының өздері таңдайды.

 

«Көркем еңбек» пәні бойынша ұл-қызға бөліп оқыту оқушы санына қаншалықты байланысты?
✅ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес:
♦️Сыныпты екі топқа бөлу қалалық білім беру ұйымдарындағы сыныптарда оқушылардың саны 24 және одан артық болғанда, ауылдық жерлерде оқушылар саны 20 және одан артық болғанда жүргізіледі:
▪️1-4 сыныптар
42. Сыныпты екі топқа бөлу қалалық жалпы білім беретін ұйымдардағы сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болғанда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша;
2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі бойынша;
3) шетел тілі бойынша;
4) цифрлық сауаттылық бойынша;
5) өзін-өзі тану бойынша жүзеге асыруға болады.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған кезде, карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда барлық оқу пәндері бойынша сыныпты топтарға бөлу бір сыныпта 15 білім алушыға дейінгі толымдылықпен жүргізіледі.

▪️5-9 сыныптар
57. Қалалық білім беру ұйымдарындағы сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болғанда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті;
2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті;
3) шетел тілі;
4) көркем еңбек;
5) информатика;
6) дене шынықтыру сабақтарын жүргізу кезінде сыныпты екі топқа бөлуге болады.

▪️10-11 сыныптар
51. Сыныпты екі топқа бөлуге қалалық білім беру ұйымдарындағы сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болғанда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті;
2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті;
3) шетел тілі;
4) информатика;
5) дене шынықтыру сабақтарын жүргізу кезінде болады.
«Көркем еңбек» пәні бойынша сыныптарды топтарға бөлуде гендерлік принцип жоқ.

 

2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымы «Медиасауаттылық» курсының бағдарламасын өзі құрып, оны оқу үдерісіне енгізе алады.
❗️Алайда, курсты қажетті ресурстар мен оқытылған педагогтер болған жағдайда ғана бастауға болады. Егер білім беру ұйымында қажетті ресурстар мен оқытылған педагогтер болмаса, бұл оқу жылында аталған курсты енгізу міндетті емес.
▪️«Медиасауаттылық» курсының мақсаты – білім алушылардың бойында медиасауаттылық негіздері бойынша теориялық білім базасын және ақпаратпен тиімді әрі қауіпсіз жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру.
▪️«Медиасауаттылық» курсының міндеттері:
1) медиа арналар арқылы берілетін ақпаратты дұрыс қабылдауға және өңдеуге үйрету, ақпараттың дұрыстығын тексерудің қарапайым әдістерін үйрету;
2) сыни ойлауды дамыту, медиа хабарламалардың жасырын немесе жалған мағынасын түсіну және жасөспірімдердің санасын медиа-манипуляцияларға, фейктерге қарсы тұруға қалыптастыру,
3) әртүрлі медиаресурстардан ақпаратты табу, дайындау, тарату және қабылдау дағдыларын қалыптастыру

 

 

«Цифрлық сауаттылық» пәнінің типтік оқу жоспары мен типтік оқу бағдарламасы nao.kz сайтына орналастырылған.
📚«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы «ҚР Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №496 бұйрығына сәйкес жүргізіледі (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 және 2019 жылғы 26 шілдедегі №334 бұйрықтарға өзгерістер енгізілді).

 

Жиынтық бағалау өткізілетін күні белгілі бір себептерге байланысты (денсаулық жағдайына, жақын туыстарының қайтыс болуына, қолайсыз метеожағдайларға байланысты, түрлі деңгейдегі жарыстарға, конференцияларға, олимпиадаларға және ғылыми жобалар конкурстарына қатысуына байланысты) сабақта болмаған білім алушылар жиынтық бағалауды жеке кесте бойынша тапсырады.
▪️Ағымдағы тоқсан/жартыжылдық аяқталғанға дейін жиынтық жұмыстарды тапсырмаған жағдайда білім алушыға жиынтық жұмыстарды тапсырғанға дейін электронды журналда «уақытша аттестатталмады» деген белгі қойылады. Тапсыру қорытындысы бойынша тоқсандық/жартыжылдық баға қойылады.
📌Бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысы болмаған жағдайда білім алушы уақытша аттестаттаудан өтпеген болып есептеледі.
▪️Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстары мектепте сол оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады.

 

🔸Аптасына 1 сағаттық оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.

🔸Аптасына 2 және одан көп сағаттық оқу жүктемесі кезінде БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.

 

Формативті бағалау нәтижелері күн сайын электрондық/қағаз журналға балл түрінде қойылады.
📌Формативті бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспайды, 1-3 балл – төменгі деңгей, 4-7 балл – орта деңгей, 8-10 балл – жоғары деңгей.
📌1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.
Мұғалім күн сайын білім алушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілеуін мынадай критерийлерге сәйкес балл түрінде белгілейді:
▪️1 балл – білім алушы оқу тапсырмаларын 10%-ға дейін орындады, қателіктер жіберді, сабақта пассивті, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша қорытынды жасамайды, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытпайды, өткен материалды білмейді;
▪️2 балл – оқу тапсырмаларын 20%-ға дейін орындады, қателіктер жіберді, сабақта пассивті, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша әрдайым тиісті қорытынды жасай бермейді,тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытпайды;
▪️3 балл – оқу тапсырмаларын 30%-ға дейін орындады, қателіктер жіберді, қателіктерін түзетуге тырысады, сабақта кейде белсенділік танытады, оқу тапсырмаларын орындау кезінде мұғалімнің/ата-ананың/ қолдауын қажет етеді;
▪️4 балл – оқу тапсырмаларын 40%-ға дейін орындады, қателіктер жіберді, қателерді түзету кезінде көмек қажет, сабақта әрдайым белсенді бола бермейді, тапсырмаларды орындау кезінде кейде дербестік танытады;
▪️5 балл – 50%-ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, бес қате жіберді, мұғалімнің көмегі қажет, сабақта әрдайым белсенді бола бермейді, кейде тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;
▪️6 балл – білім алушы оқу тапсырмаларын 60%-ға дейін орындады, 4 қате жіберді, мұғалімнің көмегі қажет, сабақта ынталы, орташа күрделі тапсырмаларды өз бетінше орындай алады;
▪️7 балл – оқу тапсырмаларын 70%-ға дейін орындады, 3 қате жіберді, қателіктерді уақтылы жойды, сабақта белсенділік, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;
▪️8 балл – оқу тапсырмаларын 80%-ға дейін орындады, 1-2 елеусіз қателіктер жіберді, мұғалімнің түсініктемелері негізінде өз қателіктерін түзетеді, белсенді, өз бетінше жұмыс жасайды

 

Модерация – бағалаудың объективтілігін және айқындығын қамтамасыз ету үшін балдарды қоюды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмысын талқылау процесі.
📌Даулы мәселелер туындаған жағдайда білім алушылардың тоқсандағы оқу жетістіктерінің нәтижелері бойынша жазбаша түрде өткізілетін жиынтық бағалауда объективтілікті және ашықтықты қамтамасыз ету үшін және/немесе педагогикалық кеңестің шешімімен педагогтер қажет болған жағдайда ТЖБ бағасы қойылғанға дейін бір күннен кешіктірмей модерация жүргізеді.
📌Балдары өзгертілуі тиіс болатын білім алушылардың тоқсандық жиынтық жұмыстарының модерациясы жүргізілген жағдайда олар қайта тексеріледі. Модерация қорытындысы бойынша тоқсан ішіндегі жиынтық жұмыс үшін балл өсу жағына да, азаю жағына да өзгереді.

Бөлім бойынша жиынтық бағалау сабақ барысында өткізіледі және сабақ уақытын толық қамтымайды. Мұғалім сабақтың қалған уақытында формативті бағалау жүргізе алады және тапсырмаларды орындаған білім алушыларға балл қояды.

«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы туралы
🔹Курсты өткізу мектептердің дайындығына (кадрлық, ресурстық және т.б.) байланысты;
🔹«Жаhандық құзыреттіліктер» курсы аптасына 1 сағат өтеді;
🔹«Жаhандық құзыреттіліктер» курсына мына бағыттар жатады:
5-сыныпта «Парасаттылық және әдеп»
6-сыныпта «Экология»
7-сыныпта «Эмоционалды интеллект және сыни ойлау»
8-сыныпта «Медиасауаттылық»
9-сыныпта «Зайырлылық және дінтану негіздері»
10-11-сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері».
🔹«Жаһандық құзыреттіліктер» курсын «Биология», «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті» пәндерінің мұғалімдері мен біліктілікті арттыру курстарынан өткен, сертификаттары бар басқа да мұғалімдер, әлеуметтік педагогтер, психологтар жүргізе алады.

 

Ұлы Отан соғысының жалынына шарпылмаған біздің елде бірде — бір семья жоқ

Біз қазақпыз

Алаш зиялыларының абақтыдан кейінгі суреттері📸
Қазақ тәуелсіздігі үшін күрескен азаматтарды ұмытпайық!
Алда әлі күнді көретін ұрпақ келеді. Сол ұрпақ сендерді үлкен ризашылықпен, үлкен құрметпен еске алатын болады. Күрес жолына түскендеріңе өкінбеңдер…
(Әлихан Бөкейханның, Міржақып Дулатұлы мен Ахмет Байтұрсынұлына түрмеден жолдаған хатынан)
Бүгін — 13 наурыз Желтоқсан оқиғаcының батырларының бірі Қайрат Рысқұлбековтың туған күні.
Көзі тірі болғанда 55 жаста болар еді…
Нәтижеге бағдарланған оқыту – білім сапасын арттыру негізі

jospar

Зат есімнің тәуелденуі

Zat esim

«Менің мектебім»  Мен не үйрендім?

menin mektebim

Зат есім. Ат қою

at kouyi

Зат есімнің септелуі

septelu

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *