Мектеп тынысы

  • 18 қазан күні С.Сейфуллин атындағы жобб мектебінде «BILIMLEND-мұғалім ресурсы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Мектептің оқу орынбасарлара А.Шепетова және Ж.Калдыбаевалардың басшылығымен өткізілген семинар-кеңесте информатика пән мұғалімі М.Әмзеұлы BILIMLEND платформасының тиімді тұстарын, ондағы сабақтар мен тапсырмаларды қолдану әдістерін, тақырыптық ресурстарды жүктеу жолдарын көрсетіп өтті. Kundelik.kz осы платформамен байланыстырылғанын және ондағы ресурстарды қолдану мұғалім тәжірибесінің артуына оң ықпалын тигізетінін атап көрсетті.
С.Сейфуллин жобб мектебінде «Кел.балалар оқылық» тақырыбындағы 1 қыркүйек- Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиыны 1 сыныптардың қатысуымен өткізілді. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің бірінші сыныпқа қадам басуы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Салтанатты жиында мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндерге Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» оқулығы салтанатты түрде 11 сынып оқушылары тарапынан табысталды. Мектеп директоры Б.Тұрдалиева ханым 1 сынып бүлдіршіндерін құттықтап, өзінің жүрек-жарды ізгі тілегін білдірді.
Білім әлемінде енді қадам басқан бүгінгі біздің бүлдіршіндеріміз сауатын ең алғашқы оқулық, баланың ең алғашқы кітабы — Әліппемен ашатын болады.
Осынау ерекше күнде, С.Сейфуллин жобб мектеп ұжымы баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтайды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге тек биік белестер мен жоғары жетістіктер тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының, Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің С. Сейфуллин Атындағы Жоббм жаңа 2021-2022 оқу жылына дайындық жұмысы барысында мектеп ұжымының және білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қауіпсіздендіру және қорғау мақсатында мектептің кіре берісіне «ASHYQ» жобасы іске қосылды.
«Жасыл» түсті қауіпсіз мәртебесі көрсетілген келушілерге мектепке кіруге рұқсат етіледі. Ал, «Сары» немесе «Қызыл» түсті мәртебесі көрсетілген келушілерге мектепке кіруге рұқсат етілмейді.
ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ…..!
Міне мен бітірген мектебімде /Сәкен Сейфуллин/ бүгін тағы мереке!
Мектебім «Сәт сапар жас түлек» тақырыбында сыңғырлаған соңғы қоңырау үнімен кезекті шәкірттерін үлкен өмірге ұшырып жатыр.
Жас түлек- ұзаққа ұшыңдар, білім нәрін сусындап- қазақ еліне абыройлы еңбек етіңдер!
Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан мектептен мыңдаған шәкірт сапалы білім, саналы тәрбие алып Тәуелсіз Қазақстанның әр түкпірінде және шет елдерде абыройлы қызмет атқарып жүр.
Мектеп 1972 жылы типтік үлгіде салынып, бірнеше рет күрделі жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке еніп түрлене түсті. Мектеп мұражайында мектеп түлектерінің жетістіктері толып тұр.
Қазіргі таңда білікті басшы Турдалиева Бағила ханым мектепті пандемия кезінде де санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сынып, аралас оқу тәсілдерін де жақсы ұйымдастырып, шәкірт білімін үздіксіз жетілдіріп келеді.
Ардақты ұстаз, оқу ісінің меңгерушісі Ермекбаева Роза апай мен бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бейсебаева Сауле апай да сабақ кестелерін, оқу жоспарларын уақыт талабына сай жедел түзіп, оқу процесін ұйымдастырды.
Тәрбие ісінің орынбасарлары Жазира Қалдыбаева мен Байжұман Момбеков ұйымдастыру қабілеттерінің арқасында сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, пандемия кезеңінде әрбір оқушыны оқу процесіне тарта білді.
Әлеуметтік педагог Жеңіс Ергешов әлеуметтік статусқа ие оқушыларды планшет пен ноутбукпен қамтуды жоғары деңгейде алып шықты.
Мектеп түлектері өз ұстаздарын ұмытқан емес. Дәстүрлі 20 жылдық шәкірттер мектепке жаңа жиhаз, кітап, оқу құралдарын сыйға тартып жүр.
Биылғы мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған 1984 жылғы түлектер жыларалық футбол турнирін өткізіп, мектеп түлек тақтасын жаңартты!
Мектептің аты да жаңарып, Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы, Қазақ әдебиетінің негізін құраушы, қоғам, мемлекет қайраткері, кемеңгер азамат Сәкен Сейфуллинмен атала бастады.
Енді, бүгінгі шәкірт «Мен Сәкен Сейфуллин мектебінің түлегімін»- деп мақтанышпен айтып жүр.
Қадірлі Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы және құрметті демалыстағы ардагер ұстаздар!
Мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған 1984 жылы туылған мектеп түлектері!
Сіздерді «Сәт сапар жас түлек тақырыбындағы соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Мереке күні- барша Ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, отбасылық бақыт, шығармашылық шабыт, шәкірттеріңіз шығар асулары көп болсын!
Құрметпен, шәкірттеріңіз, Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Акынгазиева Айгүл Күзенбайқызы.
Возможно, это изображение (один или несколько человек, люди сидят и в помещении)
26.08 күні С.Сейфуллин атындағы жобб мектебінде «Жаңа оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері » тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде
1.Мектептің 2021-2022 оқу жылына дайындығы, дәстүрлі оқу форматына көшу, санитарлық талаптардың сақталуы;
2.Оқушылардың ішкі тәртіп ережесі, мектеп формасы туралы ( мектеп формасы, классикалық үлгіде);
3.Оқушылардың оқулықтары мен оқу құралдарымен қамту;
4.Жолда жүру ережесі, оқушылардың өмір, жол қауіпсіздігі.
БҮГІН ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты С.Сейфуллин жобб. мектебінде 22 мамыр күні Жалпы республикалық ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді. Жалпы республикалық ата-аналар жиналысының өткізілу мақсаты: 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету және ата-ананың педагогтармен педконсилиум жасай отырып, жеке сөйлесуі арқылы баланың үлгерімін егжейлі-тегжейлі талдау жасауға мүмкіндік беру. Жиналыс барысында:
— «Жазғы мектеп», оқушылардың тоқсан соңындағы үлгерімі мен тәртібі және » Қауіпсіз интернет» ата-аналардың балаларын қадағалаулары сөз болды. Жалпы бүгінгі жиналыс барлық сыныптар арасында zoom форматында өткізілді.
Ақ жол, жас түлектер! Сыңғырла , соңғы қоңырау! Мерекелеріңізбен!
ЧЕЛЛЕНДЖ: «Менің сыныбым — менің таңдауым»
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты
С. Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде өзін- өзі басқару ұйым мүшелері «Менің сыныбым — менің таңдауым» атты республикалық челленджге қатысты.
Мақсат — жас ұрпақтың отаншылдық биік рухын ояту, ел мен жердің ертеңгі иесі болашағымыздың тұтқасы екенін сезіну, соған себепкер болу. Сондай-ақ, көшбасшылық қабілетін, сөйлеу мәдениетін, ұйымдастырушылық қабілеттерін арттыра отырып, өз мектебінің қадір-қасиетін түсіну.
С.Сейфуллин жобб мектебінде Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арналған іс-шара болып өтті.Оқушылар керемет көріністер қойып, «Жұлдыздар» би ансамблі мерекенің ажарын ашты. Сұм соғыста жанын қиып, соңғы демі қалғанша қан майданда шайқасқан, өмірден озған ардақты азаматтарды, ардагерлерімізді 1 минут үнсіздікпен еске алып, Құран бағыштап, мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.
Құрметті азаматтар, біздің мектептің ұстаздары, жігіттер!
Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз!
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
   С.Сейфуллин жобб мектебінде оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың , құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 7-8 сынып оқушылары арасында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында аудан мекемелерінен шақыртылған арнайы мамандар оқушыларға кеңестер берді.
    С.Сейфуллин жобб мектебінде оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың ,құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында оқушылар тарапынан сахналық қойылымдар қойылып, өзекті мәселелер қозғалды.
С.Сейфуллин жобб мектебінде 22 сәуір күні оқушылар арасында «Өзін-өзі басқару» ұйымының Президентін сайлау өткізілді. Сайлау бюллетеньдері алдын ала дайындалып, мұғалімдер мен 8-10 сынып оқушылар дауыс берді.

Тренинг сабақтың  тақырыбы: «Мамандық таңдауда қателесуге бола ма?»

            Ісім оңсын десеңіз,

           Сол істің маманы болыңыз

            Даңқым шықсын десеңіз,

            Көпшіліктің адамы болыңыз

Әл- Фараби

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез- келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.

Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам  өзін- өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.

Біздің мақсатымыз- оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндықлықтар туралы танымдылығына психологиялық- педагогикалық көмек көрсету.

Мақсаты: 1. Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығн анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.

Тренинг: «Кім көбірек мамандықты атайды?» жаттығуы

Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Олар бір- біріне доп лақтыру арқылы мамандық түрлерін айтады. Кім де кім көп мамандық атаса сол жеңіске жетеді.

Ескерту: Бір ойыншыға қатарынан доп лақтыруға болмайды. Және қолда допты  үш секундтан артық ұстамау керек.

Сұрақ: «Қиналған себептеріңіз не?»

Жүргізуші: Ғалымдардың зерттеулері бойынша мамандықтар ортақ белгілеріне қарай 4 деңгейге тоқталған.

  1. Басқарушылар;
  2. Сақтаушы- қорғаушылар;
  3. Қаржыгерлер- дәрігерлер;
  4. Қажырлы еңбек иелері.


 

Тренинг: Қол- мидың жалғасы.

Сан алуан мамандық бар. Ал, біздің табиғи бейімділігімізге үңілейік:

Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. О нүктесін білезіктің оң жақ, сол жақтарын да қамтимыз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығарыңыз.

Қорытынды:

  1. Егер сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз- басқарушысыз.
  2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқаларынан ұзын болса, сіздің- қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
  3. Ортан қол сызығы ұзынырақ болса, сіз- дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.
  4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.
  5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз- дәрігерлік шипагерлікке бейімсіз

 

Жүргізуші:

 

Басым көкке жетсін десең армандап,

Әр жұмысты бөліп істе, қарма оңдап

Барлық істі сарапқа сап істегін,

Қисаппенен қазынаңды үстегін

Кісі танымақ болсаң ісіне қара

Өз күшің жеткенше, өзің үшін аянба.

Ж. Баласағұни

Жүргізуші:

  1. Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
  2. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
  3. Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
  4. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
  5. Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
  6. Қай уақытта адам өз жемісін көре алады.?

  

Ситуациялық сұрақ. (Оқушылар өз пікірін ортаға салады.)

  1. Мен хирургпын

Шарты: Ауруханада 5 емделуші  бар. Олар:

  1. Бес айлық қыз бала
  2. Алты жасар дарынды бала
  3. Көп балалы ана (10 баласы бар, 70- тегі ана)
  4. Қаңғыбас
  5. Құрылысшы

Жүрек  біреу. Осылардың қайсысына операция жасар едің. Біреуін ғана таңдауың қажет.

Әрі қарай ортаға өз еркімен бір оқушы (кейіпкер) шығады. (таңдаған мамандығына жетуге өзінің рухани дайындығын анықтайды)

Әрбір қатысушы басты кейіпкердің бағдарының табандылығын анықтау барысында бірнеше кедергілер ойластырады. Кейіпкер ойланбастан бірден жауап беру арқылы сол кедергілерден шығу жолын айтады. Кедергіні  қоюшы (қатысушы) берілген жауаппен келісетінін немесе егер келіспесе өзі қандай әрекет жасайтынын мәлімдейді. Соңында жүргізуші кейіпкердің қатысушылармен бірге қай кейіпкердің табандылығы мен рухани дайындығы басым екендігін анықтайды.

Келтірілген кедергі, қиындық үлгісі төмендегідей.

  1. Егер сенің ол оқуға түсуіңе ата- анаң келіспесе не істейсіз?
  2. Емтиханға кешігіп қалсаң не істер едің?
  3. Оқуыңды ойдағыдай аяқтап, жұмысқа кірісер сәтте үй іштерің саған одан гөрі еңбекақысы жоғары қызмет ұсынса қайтесің?
  4. Оқуға түскен соң өзіңе ұнамай қалса не істейсің? Т.б

 

Тест.

  1. Мамандық бір-ақ рет бір жола таңдалады деген дұрыс па?

А) ия                                      Ә) жоқ

  1. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты ма?

А) ия                                      Ә) жоқ

  1. Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?

А) ия                                      Ә) жоқ

  1. Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға бола ма?

А) ия                                      Ә) жоқ

  1. Қартайғанда да мамандық таңдауға бола ма?

А) ия                                      Ә) жоқ

  1. Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек пе?

А) ия                                      Ә) жоқ

  1. Ақша болса, мамандық қажет емес деген пікірмен келісесің бе?

А) ия                                      Ә) жоқ

  1. Мамандық таңдаудағы басты өлшем- қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестілігі ме?

А) ия                                      Ә) жоқ

  1. Таңдайтын мамандығыңды болашақ табысың анықтай ма?

А) ия                                      Ә) жоқ

  1. Мамандық таңдау- күн көрістің қамы ма?

А) ия                                      Ә) жоқ

  1. Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет пе?

А) ия                                      Ә) жоқ

Жаңа ақпарат (психологтың кеңесі)

«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені  ол адамды ізгілендіреді»

Л.Н. Толстой

  • Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Бірулер үшін- ол ойға

алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін- әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. мамандықты таңдау үшін, адам  ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет. Өз- өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.

Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы- адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс- табыс биігіне жеткізетін қанат.

                           Тренинг«Армандар» жаттығуы

Барлық қатысушы шеңбер бойымен отырып, 3-4 рет терең дем алып, көздерін жұмады. Өз тілектеріне көңіл аудара отырып, болашақ мамандығын, қоғамдағы орнын, жақын арадағы қоршаған ортасын елестетеді. 1,5 минут уақыт беріледі. Жанға жағымды әуен ойнайды.

Берілген уақыт өткеннен соң тағы да 3-4 рет терең дем ала көздерін ашады. Топ өзінің алған әсерімен  бөліседі. Тренер әркімнің айтқандарын  толықтырады, яғни әрқайсысының қол жеткізгісі келетін, алға қойған мақсат, армандарының бар екенін айтады.

Топ қатысушыларының күтетін және күдік алатын, қорғанатын нәрселері.

Әрқайсысы өздерінің жеке- жеке не күтетіндіктері мен қорқатын жағдайларын айтады. Қатысушылардың барлығы өз ойларын айтып болған соң, «дәл осы жерде  және қазір» болатын жұмыстың мәні түсіндіріледі.

 

Қорытынды:

  • Сізге тренингте не ұнады?
  • Не ұнаған жоқ?
  • Тренинг- сабақ керек пе, ол мамандық таңдауда көмектесе ме?Оқушылар арасындағы қарым-қатынас(психологиялық тренинг )  Треннинг мақсаты:
    1. Дау жанжалдың туындау себептері, оның адам өміріне әсері, жүйкеге әсер ететін жағдайлардың алдын – алу туралы оқушылардың білімдерін тереңдету.

    2.Оқушыларға зерттеу, жаттығу жұмыстарын жасату арқылы жағдайды талдауға, саналы шешім қабылдауға баулу.

    3.Салауатты өмір сүруге, айналасындағы адамдармен үйлесімді қарым – өатынас жасауға, үлкендерді сыйлауға, кішіге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

    Тренингтың әдіс – тәсілі: әңгіме, сұрақ – жауап, ойын, жаттығу, іскерлік ойын элементтері, топтық жұмыс.

    Көрнекілігі: кестелер, тірек сызбалар, доп, магнитофон.

    I.Ұйымдастыру кезеңі.

     «Сәлемдесу».

    Тансысу: оқушыларға  шарық жіп беріледі, әрбір оқушы  өз қалауынша жіпті бөліп алады. Бөліп алынған жіп таусылғанша саусағына орау арқылы өздерін таныстырады.

     

     

    Сұрақ – жауап.

    — Балалар қарым – қатынастың қандай түрлерін білеміз? Ол үнемі кикілжіңсіз, тартыссыз, жанжалсыз бола ма?

    Карточкамен жұмыс.

    №1 карточка

    Қазір сендер кикілжің, тартыс түсінігімен байланысты сөздерді шкала бойына бөліп жазасыңдар (ұрыс – керіс, жанжал, төбелес, сөз таластыру, салғыласу, әдепсіздік, тәртіпсіздік)

    №2 карточка

    Осы деңгейде өз орныңды көрсет.

    Жоғары Норма Төмен

    Қарап отырсақ, балалар, ешкім де өзін төмен санамайды екен, ал өзін жоғарымын деп есептеуге, өзіне деген сенімі, интелект деңгейі келмейді деп ойлайды. Мұндай жағдайда төменге емес, жоғарыға ұмтылу керек.

     «Бөпеге  көмектесейік»   Сіздің  аяушылық  қабілетіңіз.

    Мақсаты: Сіздің  жақыныңызға  көмектесуге  қаншалықты  қабілетті  екеніңізді  анықтау.

    Нұсқау: Мына  суретте  бөпе  бейнеленген.  Оның  бақыты үшін  анық  бір  нәрсе  жетіспейді,   бірақ  ақтап  айтқанда не?  Бөпенің  қасында  барлық  суретті  салыңыздар, сіздің  ойыңыз  бойынша  оның  көңіл- күйін   қалай  көтересіз.

    Бұл   бөпеге тура  келмейді-ау, бұл оған керек емес   деген  ойлар  сізге  кедергі  келтірмесін.  Не  қаласаңыздар,  соны  салыңыздар.

     

     « Саңырау  телефон»

    Барлық  балалар  шеңбер  бойында  отырады.  Бірінші  отырған  оқушыға  құлағына  сыбырлап  әр  түрлі  сөздер  айтамын.  Ол  оқушы  әрі  қарай  келесі  оқушыға  естігенін  айтады, ең  сонғы  қалған  оқушы  естігенін  дауыстап  айтады.  Мысалы,  Мен  өмірге  келгеніме  қуанамын,  мен  болашақта мықты  маман  боламын,  ата- анамның борышын  ақтаймын т.б.  және  өз  пікірлері.

    Бөлім  «Қиындықты  жеңе  білу» (музыка  ойнап  тұрады)

    Өмір –күрес.  Кейде  куанышта, жақсылық  жағдайлармен  бірге қиындықтар  да кездеседі.Соңғы кезде болған  қиындық  немесе  шешуін  тапқан  мәселені  еске түсіру.  Ол  мәселені  қиындықты  қалай  жеңуге  болады?Оқушылардың  ойларын  ортаға  салып  тыңдау.

     

    Қорытынды: Бүгінгі тренинг сабағымызды аяқтайық балалар. Әрқашанда осындай жылы сөздермен және жылы жүрегіміз, әдемі күлкімізбен бір-бірімізді қуанта берейік. Сау болыңыздар!

Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»

\Тренинг -жаттығулар\

Сабақтың мақсаты: мүмкіндігі шектеулі оқушылардың көңіл күйін көтеру, балалардың икемділігін анықтап, қызығушылығын артыру.

Өту әдісі: тренинг- жаттығулар

І. Шаттық шеңбері

Балалар дөңгеленіп тұрып, бір-бірімізге күлімдеп, жақсы тілектер айтамыз.

ІІ. Жаттығу. Мен кіммін.

Оқушылар алдымыздағы қағазды алып, ортасынан бүктеп, бүктелген жағынан ұстап қолымызбен қиып адам бейнесін жайсаймыз.

Басына өз есімдеріңізді жазыңыздар, оң қолына жақсы мінезіңіз, сол қолыңызға керісінше жағымсыз мінезіңіз, сол аяғыңызға ұнататын түсіңіз, оң аяғына жақсы көретін адамыңыз, ортасына арманыңызды жазыңыздар. / оқып таныстыру/

III. «Көңіл-күйімізді жаттықтыру»

Жүргізуші: Бүгін мен сендерді актер болуға үйртемін мен сендерге нені көрсетіңдер десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер.

  1. Қабағы түйілген, ашулы адамның кейпі;
  2. Қасқырдан қорыққан қоянның, ұядан түсіп қалған балапанның, мысықтан қорыққан тышқанның, иттен қорыққан баланың бет-әлпеті;
  3. Жылап тұрған адамды көрсету;
  4. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету;
  5. Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсете білу.

  1. Жаттығу: «Гүл»

Мақсаты: Қатысушылардың қабылдауын дамыту

Өткізілу барысы: Әр қатысушылардың әр қайсысы әр жерде отырады. Жүргізуші: « біз бәріміз енді өсіп келе жатырған гүлдерміз, күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді / қолдарын созады / кенеттен баяу жел соға бастайды, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады / қолдарын жан – жаққа шайқайды/ Бір мезгілде аспанға бұлт төніп жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады, / қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады/ бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шығуға бастайды. Сол уақытта гүлдер құлпырып, жайнап ашыла бастайды. / қатысушылардың барлығы үлкен гүл шоғына жиналады/

 

  1. «Армандар»

Мақсаты: Өзіңіз алға қойған арман, мақсатын көз алдына елестету арқылы өмірге деген құлшынысын арттыру. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Барлығы көзін жұмып, өз тілегіне құлақ түре отырып, келешек өмірін қоғамдағы орнын, айналасындағы жақындарын елестетуге тырысады. 1-2 минут уақыт беріледі, ақырын жайлы әуен қойылады. Келешекте өзін қалай елестеткені жайлы айтып беру.

  1. «Мен-күнмін» тренингі.

Мақсаты: Оқушының өзіне сенімділігін арттыру. Сыныптың ынтымақтасын, бірігуін  бақылау, ұлдар мен қыздар арасындағы достық, ұлдардың қыздарды қорғауы, сыйлауын байқау.

  1. Қорытынды. Оқушыларға жүрек бейнесіндегі жапсырмалар ұсынылады әр оқушы бүгінгі тренингтен алған әсерін, ойын, тілегін жазу ұсынылады.

С.Сейфуллин жобб мектебінде оқушылар арасындағы «Өзін-өзі басқару» ұйымының жоспары негізінде «Мектеп Парламенті Президентін» сайлау қағидаттары бойынша 9 үміткер тіркеліп, өз сайлауалды бағдапламаларын жасап шықты. Бағдарламалар оқушыларға таныстырылып, үгіт-насихат жұмыстары сәуір айының 17- 20 күндер аралығында жүргізілді. 20 сәуір күні үгіт-насихат жұмыстары тоқтатылды. Балалар арасында «Өзін-өзі басқару» ұйымының жұмысын жандандыру болашақ көшбасшыларды тәрбиелеуге, оларға болашақ өмірлеріне тигізер пайдасы зор.

“Жанымыз жақсылықтан жаралған, жүрегіміз мейірімнен нұрланған”

(Ата-аналар және оқушыларға  арналған тренинг)

Мақсаты: Тәрбиенің ең тамаша ортасы отбасы екендігін, бала тәрбиесіне   көп көңіл бөлудің маңыздылығын түсіндіру.

Тренинг жүрісі:

І.Кіріспе

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар және окушылар  !Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: «Жанымыз жақсылықтан жаралған, жүрегіміз мейірімнен нұрланған» деп аталады. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын  адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмайтын кездер болады. Ал бала тәрбиесі  отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді,еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы , жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты  өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.

1.Танысу: Ата- аналарға шарық жіп беріледі, әрбір ата-ана өз қалауынша жіпті бөліп алады. Бөліп алынған жіп таусылғанша саусағына орау арқылы өздерін таныстырады.

 

ІІ.Негізгі бөлім:

1.”Бала деген кім?” .”ата-  ана  деген кім?”( (Ой қозғау)

Ата-ана

2.”Жүректен  шыққан   жылы   сөз”:

Ата-аналар алдарына сұрақтар таратылады, сұрақтарға жауап бере отырып балаға айтыған жылы сөздердің бала тәрбиесіне әсері талқыланады.

-Сіз балаңызды  таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?

— Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?

— Сізді қуантатын балаңыздың тәтті қылықтары?

— Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?

  1. «Жақсы қасиеттер»

Әр ата-ана өз баласының бойынан көргісі келетін жақсы қасиеттерді жазады. Бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, жақсы азамат болып өсуіне жағдай жасау үшін не істеу керек? Осы тақырыпта ой қозғап, талқыланады.

  1. Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар.

 —  Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Енді мектепке барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?

—  Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады.Сіз: «Шамалы шыдай тұр,уақытында алып беремін» — дедіңіз.Балаңыз тыңдамай есіктітарс жауып кетіп қалды.Сіздің әрекетіңіз?

— Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, мектепке бармай– ақ қояйыншы», — деді. Сіздің әрекетіңіз?

Ситуациялық сұрақтарды бөліп бере отырып, ата-аналар рольдерде ойнайды. Берілген  3 ситуациялық  сұраққа үш топ шығады, әкесі,баласы, анасы болып өздеріне берілген рольді ойнап шығады.

  1. «Тілек шырағданы»

Ата-аналарға жүрек бейнесіндегі бетшелер таратылады, оған өздері балаларына деген жүректен шыққан тілектерін жазады. Жазған тілектерін  тақтада берілген бала бейнесіне апарып жапсырады. Ата-аналарға сол тілектерді үйге барғасын баласына айту тапсырылады.

 

Қорытынды:Ата-аналар тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.

Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес. Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да бала көзімен қараңыз, үнемі мектеппен, сынып жетекшімен байланыста болыңыз  дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!

«Жұлдыздар» халық  би ансаблінің  шығармашылығы

juldyzdar bi

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ

«ТАҢШОЛПАН» ХАЛЫҚТЫҚ БИ АНСАМБЛІ.

 

«Таңшолпан» би ансамблі 25 қазан 2000 жылы Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қызылқия ауыл әкімшілігі «С. Сейфуллин» жалпы орта мектебінің жанынан құрылған. 45 мүшесі бар, би ансамблінің жетекшісі — Алымханова Шолпан Шыныбекқызы.

2001 жылы аймақтық «Балауса» байқауының 3-орын иегері.

2001 жылы маусым айында Алматы қаласында болып өткен халықаралық «Бозторғай» жас бүлдіршіндер өнер байқауына қатысып, дипломант атанды.

2011 жылы Ш. Алымханова Қазақстан Республикасының 10 жыл-дығына байланысты Н.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

2002 жылы Кентау қаласында өткен Түркі елінің тәуелсіздігіне арналған облыстық «Балдәурен» атты байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Осы жылы Стамбул қаласында өткен балалар шығармашылығы фестиваліне қатысып, лауреат атағына ие болып, жетекшісі Шолпан Алымханова фестивальдің президенті Тұран Язғанның алғыс хатымен марапатталды.

2003 жылы Ялта қаласында өткен Халықаралық «Звездный Крым» атты байқауына қатысып, 1-орынды жеңіп алды. Осы байқауда би өнерінде «Халықтық дәстүрді сақтағаны үшін» арнайы дипломмен марапатталды.

2004 жылы облыстық «Қамажай» би байқауының бас жүлдегері.

2005 жылы облыстық «Ел бірлігі-халық ынтымағының жеңісі» атты өнер фестивалінің лауреаты.

2006 жылы облыстық «Жамбыл жыры-бабалар үні» байқауының лауреаты.

2006 жылы облыстық Дельфийлік ойындары «Халық биі» номинаңиясы бойынша 1-орын иегері. Осы жылы Өскемен қаласында өткен республикалық 2-ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының «Халық биі» номинациясы бойынша 1-орын иегері атанып, білім жене ғылым министрі Б. Әйтімованың дипломы және алтын медалімен марапатталды.

2006 жылы 24-30 қазан аралығында Астана қаласында өткен халықаралық ұлттық жастар Дельфийлік ойындар байқауының «Халық биі» номинациясы ойынша 3-орынды жеңіп, қола медаль иегері.

2007 жылы Ташкент қаласында өткен «Ритмы Азии» атты халықаралық фестивалінің лауреаты.

2008 жылы Арыс қаласында өткен республикалық «Балдаурен» байқауында 1-орынды жеңіп алды.

2008 жылы Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінен «Таңшолпан» би ансамбліне «Халықтық өнерпаздар ұжымы» куәлігі  берілді. Осы жылы «Таңшолпан» халықтық би ансамбілі 2008 жылдың «Ең үздік көркемөнерпаздар ұжымы»  болып табылды.

2010 жылы Павлодар қаласында өткен Қазақстанның VI  ұлттық жастар дельфийлік ойындарына қатысып дипломант атанды.

2011 жылы Ақтөбеде өткен «Халықтық» би ұжымдары мен жеке орындаушылардың «Нәзерке» І-Республикалық байқауына қатысып бас жүлдені жеңіп алды.

2012 жылы Алымханова Шолпан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, композитор Сейдулла Байтерековтың шығармашылығына арналған «Арыс жағасында» ретро фестивалін ұйымдастыруға белсене қатысып, жоғарғы деңгейде өнер көрсеткені үшін облыс әкімінің орынбасары Ә. Бектаевтің алғыс хатымен марапатталды.

2013 жылы қазақ елінің көрнекті перзенті, қоғам қайраткері Төле би Әлібекұлының 350 жылдығына арналған іс- шараға белсене қатысқаны үшін облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаевтың алғыс хатымен марапатталды.

2014 жылы «Ән салдырған ауылым» атты фестивальде жоғарғы дәрежеде өнер көрсеткені үшін «Қазақстан Шымкент» телеарнасының алғыс хатымен марапатталды.

2015 жылы Қазақстан Республикасы президенті атынан өткізілген «Жібек жолының жаңа жылдық ертегісі» атты шыршатойын жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізуге белсенділік танытқаны үшін Әлімханова  Шолпан марапатталды.

2016 жылы Облыс оқушыларының «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол!» атты облыстық фестивалінде жоғары деңгейлі өнерімен танылған үшін «Таңшолпан» би ұжымы марапатталды.

2016 жылы ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бы жанры бойынша дәстүрлі өнер фестивалінде 3-орынды жеңіп алды.

Осы жылы ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай  Алымханова Шолпан Шыныбекқызы ОҚО білім басқарма басшысы  Қ. Құлажановтың құрмет грамотасымен марапатталды.

2017 жылы Түркістанда өткен Түркі әлемінің «Бұраң бел» Халықаралық би фестивалінде жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін «Көрермен көзайымы» жүлдесімен марапаталды.

2017 ОҚО әкімі Ж. Түймебаевтың «Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы мен Түркі әлемінің «Наурызнама» мерекесіне белсене қатысқаны үшін алғыс хатымен марапатталды.

Осы жылы 19-21 қараша айында  «Таңшолпан» халықтың би ансамблі мүшелері Астанада өткен «Балаларға мейірімді Қазақстан» республикалық балалар форум-фестиваліне қатысқаны үшін ҚР. Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің сертификатымен марапатталды.

Алымхана Шолпан осы фестивальды үйымдастыруда қосқан үлесі үшін комитет төрағасы Н. Оршубековтың алғыс хатымен марапатталды

2018 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттай отырып Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық «Бұраң бел» би фестивалі аясында өткізілген хореографиялық мастер-класс бағдарламасына қатысқаны үшін сертификатына «Таңшолпан» халықтық би ансамблінің жетекшісі Алымханова Шолпан Шыныбекқызы ие болды.

2020 жылы Облыстық «Би өрнектері» хореограф мамандарының онлайн байқауында «Таңшолпан» би ансамблі ІІ орынды иеленді.

2021 жылы Қазахстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық <<Бұраң бел>> би байқауында Бас жүлдені жеңіп алды.

С.Сейфуллин жобб мектебінде мектеп психологтары Д.Шерметова, А.Тойшыбековалардың ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Үлгерімі төмен оқушылардың сабаққа ынтасын ашу» тақырыбында педагогикалық консилиум өткізілді. Консилиумда оқушылардың білім сапасы арттыру жолдары қарастырылды.