Іс-шаралар

Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «С Сейфуллин» атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сыныпты бітірген түлектерге аттестат беру рәсімі салтанатты түрде өтті.Мерекеге арналған алғашқы құттықтау сөз мектеп директорын Б. Турдалиеваға берілді. Мектеп бітіуші түлектерге 11 жылдық аттестат тапсырып, мектеп түлектеріне ҰБТ-да жоғары нәтижеге жетулеріне тілектестігін білдірді.

   

   

 

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 2021-2022 оқу жылындағы наурыз айының 07.03-11.03.2022ж күндері аралығында «Бойжеткен» және «Жауқазын» қыздар ұйымының жетекшілері
Нусенова С, Мырзабаева Ү педагог-психологтар А.Тойшыбекова, Д.Шерметова және сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Қазақ қызы әдебімен әдемі» атты апталығының қорытындысы. Апталықта бәрі де болды – ашық сабақтар, жарыстар, … Оқушылар тамашалап, белсенді атсалысып, білімді жастар екенін көрсете білді.
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер .
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.

 

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 2021-2022 оқу жылындағы наурыз айының 07.03-11.03.2022ж күндері аралығында «Бойжеткен» және «Жауқазын» қыздар ұйымының жетекшілері
Нусенова С, Мырзабаева Ү педагог-психологтар А.Тойшыбекова, Д.Шерметова және сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Қазақ қызы әдебімен әдемі» атты апталығының қорытындысы. Апталықта бәрі де болды – ашық сабақтар, жарыстар, … Оқушылар тамашалап, белсенді атсалысып, білімді жастар екенін көрсете білді.
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер .
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.

 

С. Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде, 2022 жылы 25-30 аралығында«Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» тақырыбында «Математика, информатика, физика» апталығының ашылуы болып өтті.
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;
• Математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдету;
• Математика, физика және информатика ға деген қызығушылығын арттыру;

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 2021-2022 оқу жылындағы наурыз айының 07.03-11.03.2022ж күндері аралығында «Бойжеткен» және «Жауқазын» қыздар ұйымының жетекшілері
Нусенова С, Мырзабаева Ү педагог-психологтар А.Тойшыбекова, Д.Шерметова және сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Қазақ қызы әдебімен әдемі» атты апталығының қорытындысы. Апталықта бәрі де болды – ашық сабақтар, жарыстар, … Оқушылар тамашалап, белсенді атсалысып, білімді жастар екенін көрсете білді.
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер .
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.

Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің 02.06.2022 жыл № 22916/01-01/442 хаты, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 27.05.2022 жыл №25/04-25/02 хатына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын мерекелеуіне байланысты 2022 жыл 4 маусым күні С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.
Іс- шараның мақсаты: Жас ұрпағымызға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін кеңінен насихаттау, мемлекеттік туды ұлықтау, әрі оның қадірін жас ұрпаққа жан-жақты түсіндіру, рәміздерге құрметті арттыру.
Іс-шараға мұғалімдер, оқушылар мен қызметкерлер қатысты.

   

 

Қазығұрт ауданы мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі балалардың «Жауқазын» атты аудандық өнер фестиваліндеміз. Біздің мектептен Өмірбек Толғанай қатысуда. Құтты болсын!!!

   

 

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде мамыр айының 16-20 аралығында 5 күндік оқу-дала жиыны өтті. 10-сыныптың білім алушылары білім стандартына сәйкес жыл бойы алғашқы әскери дайындық пәнінен дәріс алды. Практикалық бөлімнің 30 сағаты оқу-дала жиыны түрінде өткізілді. 10-сыныптан 35 ер бала дала жиынына қатысты.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Кожабеков Макамбетжан Акбердиевичтің басшылығымен 16 сағат тактикалық дайындық, 4 сағат атыс дайындығы, 4 сағат жалпы-әскери жарлығы, 4 сағат саптық дайындық және 2 сағат әскери топография дайындықтар өткізілді.
Оқу-дала жиынының барысында оқушылардың бойында батылдылық, табандылық, патриоттық сезімдер оянып, ел тыныштығын сақтайтын ер азаматтарымыз тәрбиеленді.

 

«ХІ Үміт» дарынды балалар форумы»

2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының адами әлеуеті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Балалар жылына» орай «ХІ Үміт» дарынды балалар форумы» тақырыбында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін  және спорт чемпиондарын марапаттау шарасы өтті.

Салтанатты шараға  Қазығұрт ауданының әкімі А.Абдуллаев, мәслихат хатшысы Ө.Көпеев, аудандық білім саласы қызметкерлері ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Құрбанов, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Ж.Махамбетов. Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Ә.Биболова, Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Уисимбаев, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Мусакулов дарынды балаларды құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады.

Биыл бұл форумға барлық білім беру ұйымдарынан 130-ға жуық оқушы қатысты.

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінен бес оқушымыз қатысты. Олар: Орал Медет, Байбөрі Жантөре, Сейдулла Даурен, Абдраш Фариза, Тілеуберді Айда.

Іс-шара барысында  қатсыушылар тарапынан еліміздің  даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізіп жүрген олимпиада жүлдегерлері мен оларды спортқа баулыған жаттықтырушыларға және пән мұғалімдеріне алғыстар айтылды.

   

   

       

 

Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты С. Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебін 2002 жылы бітірген түлектер өздерінің 20 жылдық кездесулері қарсаңында ұлағатты ұстаздарды еске алу дәстүрлі ll мектепішілік пән олимпиада өткізілді. 1985 жылы туылған мектеп түлектерінің ұйымдастыруымен өткен ұлағатты ұстаздар :тарих пәні мұғалімі Оразова Алтын, қазақ тілі мұғалімі:Жандаров Сансызбай, шет тілі мұғалімі : Жұманова Күлпаршын ұстаздары на арнап оқушылар арасында өткізілді. Оқушылар олимпиадаға белсене қатысты. Жүлделі орын алған оқушылар мадақтама қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты С. Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде, білім беру мекемелері директорларының ғылыми, инновация, бейіндік істер жөніндегі орынбасарларының аудандық семинары болып өтті.
Іс-шара тақырыбы: Оқушылардың бейініне сәйкес мамандық таңдауына ықпал жасау.
Мақсаты: Оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарын және әлем мен елдегі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, кәсіби өзін-өзі айқындауын қалыптастыру. Оқушыларға болашақ мамандығы мен оқыту бейінін таңдауға, болашақ кәсіби мансабын жоспарлауға қолдау көрсету.

 

Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты С. Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде, 2022жылы 01-31 наурыз аралығында «Отбасы және мектеп — тәрбие ошағы» тақырыбында психологиялық айлық іс-шарасы өтті. Мақсаты: Педагог-психологтардың жүргізіп жатқан жұмыстарының жаңа деңгейге көтеру, ата-аналармен психологиялық сүйемелдеуі нығайту және кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу мақсатында іс-шаралар өтті.